Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2022

Қарағандыда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қарағанды облысында қар құрсауында қалған бірнеше адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағандыда қар құрсауында қалған 9 адам құтқарылды

Теміртау қаласынан 8 шақырым жерде сағат 23:55-те ТЖД қызметкерлері қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен төрт адамды құтқарды. Құтқарылған адамдар Теміртау қаласына жеткізілді.

Сондай-ақ Абай ауданындағы Сасықкөл көлінде балық аулап жүрген екі балықшы қар құрсауында қалған. Ер адамдар ТЖД күштерімен құтқарылып, Новодолинка ауылына жеткізілді.

Бұқар Жырау ауданында тағы екі балықшы құтқарылды. Балықшылардың көлігі Ащысу су қоймасы маңындағы қар көшкінінде қалып қойған.

Нұра ауданының Балықтыкөл ауылында ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен туыстарының күшімен 1980 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ол сағат 11:00-де мал іздеуге қарда жүргішпен шығып, оралмаған. 22 желтоқсан күні сағат 04:19-да іздестіру тобы жоғалған адамды Балықтыкөл ауылынан 20 км қашықтықта тапты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03