Осыдан үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен бекітілген «Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні» кәсіптік мерекесі осы маусым айының екінші жексенбісі болып белгіленген еді. Одан бір жыл бұрын Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жеңіл өнеркәсіпті өркендету бағдарламасы да жасалып, мақсатты жүзеге асырыла бастағаны мәлім. Комитет төрағасы елдегі жеңіл өнеркәсіп саласының даму үрдістері туралы әңгімелеп, индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығында атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерiнің бірі шикiзат өңдеу, қосылған құны жоғары және келешекте сыртқы нарықтарға шығару мүмкіндігі мол жоғары сапалы өнiм өндiру есебiнен жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiне деген iшкi нарық қажеттiлiгiн қанағаттандыру, сондай-ақ, еңбекке қабiлеттi халықты жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі уақытта республикада 1,5 мыңнан астам жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, оның 97 пайызын шағын және орта кәсіпорындар құрайды. Оларда негізінен нәзік жандылар жұмыс істейді екен. Республикада 800 мыңнан астам шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істесе, онда 2,4 млн. адам еңбек етеді. Аталған секторда өндіріс көлемі соңғы 4 жылда 1,6 млрд. теңгеден 8,3 млрд. теңгеге дейін өскен.
Елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі туралы толық мәлімет берген төраға мерекелік шараның марапаттау рәсіміне көшті. «Біз бүгін өндіріс пен жоғары мектеп озаттарын марапаттау мүмкіндігін ұсынып отырған оқу-өндірістік кәсіпорын қабырғасында отырмыз. Мемлекет басшысы Жолдауында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға аса көңіл бөлгенін білесіздер. Кәсіпорындарыңызда 50-ден астам адам еңбек етеді. Республикамызда саңыраулар қоғамының 19 кәсіпорны жұмыс істейді, оларда мыңдаған адамдар табысты еңбек етуде. Ал зағиптар қоғамының 36 кәсіпорнында 4 мыңнан астам жұмыскер бар. Бұл кәсіпорындардың көпшілігі жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Осы салаға жетекшілік ететін мемлекеттік орган ретіндегі біздің міндетіміз сіздердің жемісті еңбек етулеріңіз үшін барлық жағдайларды жасау болып табылады. Мысалы, қазіргі таңда сіздердің кәсіпорындарыңызға мемлекеттік тапсырыстар берілуіне күш салып жатырмыз. Болашақта да тапсырыстармен қамтамасыз етілулеріңізге ерекше көңіл бөлінетін болады. Ал сіздер алға қойған міндеттерді мерзімінде және сапалы орындайтындарыңызға сенемін», деді.
Сөйтіп, Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің алғыс хаттарымен саланың 18 қызметкері, ал Өндіріс комитеті төрағасының алғыс хаттарымен 35 жұмыскер марапатталды. Олардың арасында аталған мекеменің директоры Н.Төкенов, кәсіпорын директорының орынбасары Р.Кеңесбаев, тігін цехының шебері Қ.Серікбаева, тігіншілер Р.Хайбрахманова мен З.Сон, Қазақ технология және бизнес университетінің ұстаздары, техника ғылымдарының кандидаттары Ж.Байжанова, Б.Нұрмұхамбетова бар.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30