Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Отырыста Қазақстан Республикасындағы көші-қон және демографиялық саясатты жетілдіру мәселесі, діни экстремизмге қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар қаралды.
Күн тәртібі бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед баяндама жасады. Сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдар басшыларының демография және көші-қон саласындағы еліміз Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындау барысы туралы ақпараттары тыңдалды.
Еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында алға қойылған міндеттерді шешу демографиялық саясатты белсенді және мақсатты түрде жүргізуді талап ететіні атап өтілді.
Осыған байланысты тұрғындардың тууын ынталандыру, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерде орын жетіспеушілікті қысқарту, өлімді азайту, соның ішінде ана мен нәрестелер өлімін азайту, неке мен отбасы институтын нығайту, қазақстандықтар өмірінің ұзақтығын арттыру, көшіп келу саясатын тиімді жүргізу осы саладағы басым бағыттар болып табылады.
Сондай-ақ елге қылмыстық және экстремистік топтардың кіріп кетуінің алдын алу және көші-қон бақылауын күшейту жөніндегі шаралар қаралды.
Президент туындаған ішкі көші-қон мәселесін үкіметтік деңгейде шешу қажеттігіне назар аударды.
Екінші мәселеге қатысты Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қоғам діннен бөлектенбегенін, сондықтан мемлекет осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден қалыс қала алмайтынын атап өтті. Осы ретте діни сенім қоғамның рухани құндылығын дамыту, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизмнің алдын алу үшін пайдалануға қажетті орасан гуманитарлық әлеуетке ие және адамгершілік бастауларға негізделетінін ескеру маңызды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Президент Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға барлық қабылданған шешімді орындауды қамтамасыз ету туралы тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 20:40
Кәсіподақтар федерациясы ел азаматтарына Үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 20:35
Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті
Ата заң • Бүгін, 16:58
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қоғам • Бүгін, 16:56
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:44
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31