Тірлікте айтып келмейтін аурулардан ешкім аулақ емес. Қай-қайсысы да ауыр. Ал ойламаған тұстан көз жанары мұнарланып, бұған дейінгі жап-жарық дүние тас түнек болып қалса ше? Ондай жағдайға тап келетін адамдардың әлемде аз кездеспеуі өмір шындығы. Бұл жайт біздің еліміз азаматтары басында да бар екені мәлім.
Тәубе дерсің, бір тәуірі осы сырқаттың алдын алып, дер кезінде емдеуде отандық медицина әлеуеті ешкімнен кем еместігі көңіл өсіреді. Ауруына шипа іздеушілердің алысқа ат сабылтпай-ақ, өңірлердің өзінде сауыға алуына мүмкіндік жеткілікті десек, соның бірі және бірегейі тұрғысында Қарағандыдағы «Глазалик» клиникасын атауға болар еді. Көзді емдеудің сан түрлі технологиясымен жарақтанып, оны біліктілікпен қолданатын осы мекеменің қызметі туралы айтылғанда алдымен бас дәрігер Елена Бақтиярқызы Баймұқанованың орны бөлек деуге болады. Өзі де дәрігерлер отбасында өскен, бүкіл ерік-жігерін көз дерті тауқыметін тартушыларға көмекке сарп еткен ол адамның ең нәзік мүшесіне 10 мыңнан астам микрохирургиялық ота жасаған. Израиль, Франция, Швеция, Италия, Түркия елдерінің офтальмалогиялық орталықтарында шеберлік шыңдаған ол бүгінде рефлакциялық хирургияны жүргізуші аймақтағы некен-саяқ маман ретінде осынау дертке ұшыраушылардың қайтадан өмірдің шаттығы мен қызығына бөленуіне сауабын тигізіп келеді. Өз ісінің хас шеберлігіне қоса мамандығына байланысты медициналық зерттеулермен шұғылданып, 30-ға тарта еңбектің авторы ретінде ғылыми ортаға да танылған.
Елена Бақтиярқызының сараптауы бойынша еліміздегі әрбір 10-шы адам көз дертіне ұшыраушылардан екен. Өкінішке қарай, біразы ақ шел түсіп, асқынған шақта ғана емделуге келетін көрінеді. «Мұндай немқұрайдылықтың алдын алу керек. Біз өз тарапымыздан медициналық көмекке тілек білдірушілердің ешқайсысын назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Клиникамыздың қызметі соған лайықталған. Ультрадыбысты факоэмильсификатор, витреоретинальды микрохирургиялық, компьютерлік жүйе, лазерлік технология тәрізді ең озық қондырғыларды пайдалану арқылы жанарды қалпына келтіреміз. Офтальмологтерге қателесуге болмайды. Міндетіміздің қиындығы да, жауапкершілігі де сонда», дейді ол.
Бикен Ахметова,
журналист.
Қарағанды.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19