Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің «Абай арманы» клубында жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Тұрсын Жұртбай қонақта болып, «Қайым Мұхамедханов және абайтану мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріске қаланың зиялы қауымы, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студент-жастар қатысты.
«Бүгінде Алаш идеялары жаңа қырынан танылып келеді, – деді Тұрсын Жұртбай қалың қауыммен кездесу барысында. Біздің міндетіміз – олардың сол кездегі ұстанымын бүгінгі ұрпаққа жеткізу...». Кездесу барысында студенттер де Тұрсын Жұртбайдың шығармашылығымен кеңінен таныс екендіктерін айта келе, «Қоңыр қаз», «Жүрегімде – жұмыр Жер», «Жер-бесік», «Бейуақ» жинақтары, роман-новеллалары жастар арасында ең көп оқылатын кітапқа айналғанын мәлімдеді. Студенттердің әдебиетті терең түсінуіне, зерттеп оқуларына ықпал етіп отырған университет ректоры, профессор Шәріпбек Әмірбеков алдағы уақытта да осындай кештердің, кездесулердің жиі ұйымдастырылуы қажеттігін тілге тиек етті. Кездесу соңында Тұрсын Жұртбайға «Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің құрметті профессоры» атағы берілді. Студенттер осы жиын арқылы ұлттық идея, алаштану, Отанға деген құрмет тақырыптарында көптеген мәліметтер алғандығын айтып, пікірлерін ортаға салды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист.
Семей.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19