Қазір туабітті жүрек ақауынан ем алушы балалардың 20 пайызының жасы 28 күнге толғанға дейінгі нәрестелер екен. Елімізде балалар кардиохирургиясы дами бастағаннан бері кезекте тұрған балалар саны әжептәуір қысқарған. Жоспарлы ота жасау кезегі 1 айдың ішінде келсе, ауыр жағдайларда санавиация арқылы кардиохирургиялық орталыққа аптасына 1-2 нәресте шұғыл жеткізіліп, ота жасала береді. Жалпы, елімізде дүние есігін ашатын 1000 нәрестенің 7-еуі туабітті жүрек ақауымен өмірге келеді екен. Жылына 2,5 мыңға жуық бала осы ақаумен дүниеге келеді десек, олардың 40 пайызына 1 жасқа толғанға дейін ота жасалу міндетті болса, сол қырық пайыздың жартысы нәрестелік кезеңінде жасалуы тиіс. Егер жүрек ақауына диагностика жасамай, еш шара қолданбаса, туабітті жүрек ақауы бар балалардың 29%-ы өмірінің алғашқы аптасында, 42%-ы бір айға толған соң, ал 87%-ы бір жасқа толар-толмас шағында шетінеп кетеді. 2013 жылы ота жасалуы тиіс бір жасқа дейінгі балалардың 22%-ына, нәрестелердің 84%-ына ота жасалмапты. Көптеген оталардың дер кезінде жасалмау себебі, ата-ананың өз балаларының бойындағы туабітті жүрек ақауының не екенін түсіне алмауы және ол анықталған жағдайда не істеу керегін білмеуі болып отыр.
Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында арнайы медициналық білімі жоқ адамдар үшін қарапайым тілмен жазылған «Сәби жүрегі» кітабында туабітті жүрек ақауының негізгі түрлері мен емдеу тәсілдері баяндалады. Оның пайда болу себептері және тұқым қуалаушылық арқылы берілу қаупі мәселелері де жазылған. Кітап-нұсқаулық туабітті жүрек ақауы бар балалармен жұмыс істейтін ресейлік кардиологтар мен кардиохирургтардың көп жылдық еңбек тәжірибесі, олардың ата-аналарымен күнделікті әңгімелесу нәтижесі болып табылады. «Сәби жүрегі» кітабының авторлары профессор, кардиохирург Георгий Фальковский мен балалар кардиологы, медицина ғылымдарының докторы Софья Крупянко кітаптың тұсаукесеріне жиналған жоба еріктілерімен Ресейден телебайланысқа шықты. Олар кітаптың қазақша нұсқасы жарық көргеніне таңданысын білдіріп, қатты қуанышты екендігін жеткізді.
Осы кітаптың қазақшаға аударылуына Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, 13 жыл еңбек өтілі бар кардиохирург-дәрігер Дмитрий Горбунов бастамашы болыпты. Ол балаларға жылына 300-ден астам ота жасайды. Дәрігер туабітті ақаудың не екенін, қандай шаралар қолданып, ота жасалғаннан кейін балаға қандай күтім жасау қажеттігін көп ата-ананың білмейтініне талай көз жеткізген. Қажетті ақпарат пен білімнің аздығы, тіпті, бала өмірін қатерге тігуі мүмкін. Қазақстандық кардиохирургтар елдің қамын тек операция үстінде емес, басқа кезде де назардан тыс қалдырмайтындарын көрсетіп отыр.
Жалғыз қарынша ақауымен ем алып жатқан Даяна есімді балақайдың анасы тараздық Жанар Нәметқұлова ота жасалғаннан кейін күтімге арналған кітаптың қажеттілігі зор, дейді. Кардиохирургтардың түсіндіруінен бөлек, күтімнің қандай болуы керектігі туралы білігімізді жетілдіріп отыруымыз керек. Астаналық Алуа Жолдыбалина «Игі іс болса, ақысыз да әрдайым көмектесуге даярмын. Өйткені, мұндай жағдайдан ешкім де сақтандырылмаған. Ең бірінші кезекте ана мен балаға қатысты болғандықтан өте қажетті дүние» десе, қарағандылық Жанат Манасбайқызы «Осы іске кішкентай болса да үлесімді тигізгім келіп, аударма жасауға қатыстым. Жоба туралы ғаламтордан естіп-білдім. Баланы күтіп, бағып-қағуда бір жағынан психологиялық көмек құрал ретінде де көремін. Менің ойымша, ата-аналарға біраз көмек болатын секілді», дейді.
Енді «Сәби жүрегі» www.kz2050.kz сайтында кітап барлығына қолжетімді болып отыр.
Венера ТҮГЕЛБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19