АСТАНА. 11 маусым. Қарағанды облысының шаруалары жыл соңына дейін Ресей нарығына 400 тоннаға жуық сиыр етін экспорттауды көздеуде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Қарағанды облысынан Ресейдің шекаралас өңірлері мен Мәскеуге мұздатылған сиыр етін жеткізу туралы арнайы келісім бар. Осы келісім бойынша ет өнімін экспорттауға өңірдің шаруалары дайын көрінеді. Ет экспорттау күзде басталады деп күтілуде.
Облыс әкімдігі аграрлық-өнеркәсіптік кешен бөлімінің мәліметіне қарағанда, өңірде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы мамандары соңғы үш жылда 20 мың бас ірі қара мал сатып алған. Облыс бұл бағдарламаны іске асыруда көш бастап тұр.
Хабарламада көрсетілгендей, Қарағанды облысы тауарлық ет өндірісі үшін селекциялық-асыл тұқымды мал өсіру жағынан ел бойынша ең жоғары көрсеткішке ие. Аналық малдың тұқымымен будандастыру үлесі 25,6 пайызды, ал республикалық орташа деңгей 16 пайызды құрап отыр.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: diapazon.kz.
• 11 Маусым, 2014
Қарағандылық фермерлер Ресейге ет экспорттауды көздеп отыр

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Кеше
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Кеше
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Кеше
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Кеше