Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023

Жәндіктерге арналған үйшік

414 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматылықтардың назары Бота­никалық бақтағы өнер туындыларына ауды. Халық­аралық білім корпорациясында сәулетші, дизайнер, көркемөнер мамандығында оқитын студенттер табиғи материалдардан ерекше туындылар жасап, қала тұрғындарына тарту етті.

Жәндіктерге арналған үйшік

апвпваБотаникалық бақты тазалау ба­ры­сында бұтақ, қураған шөп, ағаш діңін кәдеге асырған студент­тер­дің қолынан шыққан өнер туын­дыларының қатарында жәндіктерге арналған үйшіктер де бар. Қыс мезгілінде мұндай үйшіктер иесіз тұрғанымен, көктем шыға жәндіктер ұялай бастайды. Аппақ қар үстінде бой көтерген ерекше дүниелер сту­денттердің табиғатқа, қоршаған ор­таға деген сүйіспеншілігінен туын­даса керек. Inalmaty дерегі бойынша, Ботаникалық бақ мамандары бұл игі істің алдағы уақытта жал­ға­сын тапқанын қалайды. Бақта түр­лі пі­шіндегі композициялар үшін материалдар жеткілікті. Сондықтан да мамандар қаламызға ерекше көрік беретін жобаларды қолдауға дайын.

Ботаникалық баққа келушілер өнер туындыларының жанында суретке түсіп, қысқы бақтың ерекшелігіне тамсануда.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Қалам қазанаты

Тұлға • Бүгін, 08:55

Орман қорына қол сұғу тыйылмай тұр

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:50

Өмірі өнермен өрілген

Тұлға • Бүгін, 08:45

Қияндағы қыстау

Талбесік • Бүгін, 08:37

Қасіреттің құны қалай өтеледі?

Талбесік • Бүгін, 08:35