Қоғам • 31 Қаңтар, 2023

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына «Наука и жизнь Казахстана» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы Есберген Алауханов, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Әділет министрі Азамат Есқараев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноз Хасанов кірді.

Комиссия құрамынан бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Конституциялық соттың қазіргі төрағасы Эльвира Әзімова, Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Иоган Меркель, бұрынғы Әділет министрі Қанат Мусин, Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры, қазіргі Конституциялық соттың судьясы Еркін Оңғарбаев шығарылды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10