Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

Жетісу облысында жарнама үшін негізсіз салық есептелген

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде сыртқы жарнама туралы заңнаманы қолданудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері бойынша облыстың 125 кәсіпкеріне сыртқы жарнама үшін салықтарды заңсыз есептеу анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысында жарнама үшін негізсіз салық есептелген

Мәселені зерделеу барысында салықтарды төлемегені үшін облыстың мемлекеттік кіріс органдары жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңсыз тыйым салғаны, сондай-ақ кәсіпкерлердің банктік шоттарын бұғаттағаны анықталды.

«Жетісу облысы бойынша Антикормен кешенді іс-шаралар өткізілгеннен кейін Мемлекеттік кірістер басқармасы жарнама үшін бұрын есептелген салықтардың күшін жойып, кәсіпкерлердің мүлкіне барлық тыйым салуды алып тастады», делінген ведомствоның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Ажалдан арашалап алды

Қоғам • Бүгін, 08:10

Көрісу күнінің кереметтері

Наурызнама • Бүгін, 08:00