
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құрамында алкоголь бар сусындарды заңсыз сату фактісін Явленка ауданының учаскелік полицейі анықтаған. Полицейлер жеке үйді тінту кезінде бес литрлік шөлмекке құйылған 43 алкоголь өнімін, сондай-ақ басқа да алкогольді ыдыстарды тауып, тәркіледі. Енді 40 жастағы ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылады.