ANTIKOR • 03 Ақпан, 2023

Тараз әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Тараз қаласы әкімдігінің бұрыңғы лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараз әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

«Тергеу нәтижесінде 2021 жылы Тараз қаласының жер комиссиясының шешімімен Тараз қаласының тұрғынына шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер учаскесін жалпы ауданы 3,56 га болатын ғимараттар мен құрылыстар салуға арналған басқа 2 жер учаскесіне өтеусіз ауыстыру жүргізілгені анықталды. Жер учаскелерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 млн теңге көлемінде залал келтірілді», деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында Тараз қаласы Жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы және аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі ұсталып, Тараз қаласы сотының санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сонымен қатар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен облыс прокуроры жер учаскелерін сот тәртібімен иеліктен шығару туралы шартты бұзу туралы мәселеге бастамашылық жасады.

Мәселен, 2023 жылдың 6 қаңтарында Жамбыл облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскелерін иеліктен шығару туралы шарт жарамсыз деп танылып, жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын одан әрі қолдау мақсатында облыс әкімдігімен мектеп пен көппәтерлі тұрғын үй құрылысына қайтарылған жер учаскесінің егжей-тегжейлі жоспарлануын түзету туралы келісім жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15