Марапат • 08 Ақпан, 2023

Күміс жүлдегерге – грант

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

М.Х.Дулати атындағы Та­раз өңірлік универ­си­те­тінің ректоры Мұхтар Бай­­жұманов Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шорт-тректен командалық эс­тафетада күміс жүлде ие­ленген Малика Ермекке оқу орнының білім грантын тап­сырды.

Күміс жүлдегерге – грант

Жаһандық додада ел құра­масы сапында Малика Ер­мектен бөлек, Яна Хан, Али­на Әжіғалиева, Әлішер Әбіл­қа­тимов және Еркебұлан Ша­мұ­ханов бақ сынаған болатын. Ай­тулы аламанда ұлт­тық құ­ра­маның саңлақтары Фран­ция спортшыларына ғана есе жі­беріп, күміс жүлдемен күп­телген еді.

– Алғаш рет коньки тепкен кезде тіпті кішкентай болатынмын. Сондықтан бұл спортты өзім таңдадым деп айта ал­май­мын. Әкем дәл осы спорт тү­рімен шұғылданғанымды қа­лап, мұз айдынына ертіп әкелген еді. Сол үшін де әкеме деген ризашылығым шексіз. Ол кі­сіге ылғи да алғысымды ай­тып жүремін. Болашақта қыс­қы Олим­­пия ойындарында жүл­де­герлердің қатарынан көрін­сек деген тәтті арман бар, – дейді спортшы.

 

ТАРАЗ 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35