Мен бұдан төрт жыл бұрын Ақжайық өңіріне келген сапарында Елбасына қазақ халқының келіні ретінде ізетпен иіліп, сәлем берген күнімді өмірімнің бақытты сәттерінің бірі деп санаймын. Сол күні маған көпбалалы ана ретінде Мемлекет басшысының атынан сыңғырлаған су жаңа үйдің кілті де тапсырылып еді. Мұны қалайша ұмытармын. Қуаныштан жүзіміз бал-бұл жанған осындай сәттердің бірінде маған Нұрсұлтан Әбішұлы: «Айналайын, Наталья, халқымыз қашанда қызын да, келінін де құрметтеп, сыйлай білген. Қазақ халқына бес бірдей перзент сыйлаған орыс қызы, қазақтың келіні ретінде сен де мұндай құрметке әбден лайықтысың. Бастарыңнан бақ таймасын. Бақытты болыңдар. Ұл-қыздарың ойлаған мақсаттарына жетсін», – деп әкелік қамқорлыққа толы терең сезіммен тіл қатып еді.
Содан соң Нұр-ағаң маған: «Бізге айтатын ой-пікірің болса ұялмай айт, тыңдауға әзірміз», – деп тағы да үлкен ықылас-пейіл танытты. Сол сәтте үлкен кісінің алдында иба сақтап, қысылып тұрғаным рас еді. Дегенмен, әлде бір сезім мен бұла күш мені ойымды ашық айтуға итермелегендей болды да, Елбасымен кездесуге жиналған жұртшылықтың алдында таза қазақ тілінде былай дедім:
– Мәриям Жагорқызы апамыз сонау ХІХ ғасырда қазақтың Думан деген жігітіне ғашық болса, арада бір ғасыр өткен соң мен, яғни ол кісінің сіңлісі қазақтың Есәлі деген жігітіне ғашық болдым. Екеуміз екі ұл, үш қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіріп келеміз. Ұлдарымыздың аттарын Қази және Қарасай деп атасақ, қыздарымыздың есімдерін Махаббат, Мөлдір, Сезім деп қойдық. Олардың аты-жөндерін неге бұлай деп қойдыңдар деп әуестікпен сұрақ қоятындар да бар. Мен оларға былайша жауап қайтарамын. Перзенттеріміздің есімдерін қоюға негізінен өзім бастамашы болдым. Бұл ойымды отбасы иесі, сүйіп қосылған азаматым, балаларымның әкесі де қолдады. Нақты айтқанда, қыздарымыздың есімдері Есәліге деген махаббатым мен мөлдір сезімімнің белгісі болсын деп түйдім.
Міне, Елбасына айтқан сөзімді осылай аяқтап едім. Әрі бұл менің имандай шыным да, ақ адал сырым да еді. Содан соң Нұр-ағаң маған жылы жүзбен: «Рахмет саған, Наталья, кел суретке түсейік», – деп ұсыныс жасады. Қазір осы сурет үйіміздің төрінде тұр. Бүгін мен оны Есәлі екеуміз жыл сайын жаздыртып алып оқитын «Егемен Қазақстан» газеті оқырмандарының назарына ұсынып отырмын.
Наталья ТӘТТІҒҰЛОВА,
көпбалалы ана.
Батыс Қазақстан облысы.
• 21 Маусым, 2014
Елбасымен бірге түскен суретім үйіміздің төрінде тұр

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше