
Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автомобильдерді өртеу, оларды қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы жалған хабарламалар және интернет желісінде дербес (жеке) деректерді тарату фактілері жасалды.
Бұл қылмыстарды ашу үшін арнайы Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 115 (қауіп), 147 (Жеке өмір туралы мәліметтерді тарату), 158 (журналистік қызметке кедергі жасау), 202 (бөтеннің мүлкін қасақана жою), 293 (бұзақылық) баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.
Қазіргі уақытта аталған барлық фактілер ашылып, қылмыс жасауға қатысы бар 18 адам ұсталды.
Дәлелдемелік базаны бекіту бойынша қажетті тергеу, жедел іс-қимыл амалдары жүргізіліп жатыр.