Әлем • 22 Ақпан, 2023

Иранның оңтүстігінде 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Иранның оңтүстігінде 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Иранның оңтүстігінде 5,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) ұсынған мәліметке сәйкес, бүгін Иранның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша 06:05-те (Астана уақыты бойынша 12:05-те) магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелген.

EMSC-тің хабарлауынша, зілзала ошағы 352 мың тұрғыны бар Бендер-Аббас қаласынан солтүстік-батысқа қарай 113 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі, 20 ақпан күні Түркияның Сириямен шекаралас Хатай провинциясында магнитудасы 6,4 және 5,8 болатын тағы екі жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі көршілес Сирияға да залал келтірген. Соңғы мәліметтер бойынша қайталанған зілзала салдарынан екі елде қаза тапқандар саны 10-нан асқан. 

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше