Ауа райы • 07 Наурыз, 2023

Бүгін ауа райы қандай болады?

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с болады.

Қарағандыда күндіз оңтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Көкшетауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік батыстан шығысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – қоғамның қуаты

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Игі қадам

Пікір • Бүгін, 08:48

Маман даярлау сапаланды

Білім • Бүгін, 08:40