Спорт • 15 Наурыз, 2023

Ширек финалға шықты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның теннисшісі Елена Ры­бакина Индиан-Уэллсте өтіп жат­қан жүлде қоры 8 800 000 АҚШ долларын құрайтын WTA 1000 турни­рінің ширек финалына шықты.

Ширек финалға шықты

Бұған дейінгі бәсекелерде америкалық София Кенин мен испаниялық Паула Бадо­садан басым түскен отандасымыз 1/8 финалда ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік байқасты. Әлемдік рейтингте 66-орында тұр­ған 22 жастағы Ресей ойыншысының ба­ғындырған пәлендей белестері жоқ. «Үлкен ду­лыға» додасында ол үшінші ке­зеңнен аса алмаған. Десек те дәл осы турнирде Варвара өзінің жерлесі, WTA тізімінде сегі­зінші сатыда тұрған Дария Касаткинаны қапы қалдырып, көпшілік назарын өзіне аудар­ды. Бірақ біздің Еленаға оның әлі жет­педі. 1 сағат 21 минутқа созылған бәсекеде жер­лесіміз айқын басымдық танытты – 6:3, 6:0.

Ширек финалда Елена Рыбакина Каро­лина Муховамен күш сынасады. 26 жас­тағы Чехияның теннисшісі әлемдік рейтингте 76-орынды иеленуде. 2021 жылы ол Уимблдонда үздік төрт ойыншының қа­тарынан көрініп, Аустралияның ашық бірін­шілігінде жартылай финалға дейін жетті.

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25