Спорт • 15 Наурыз, 2023

Жеребе тартылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәте­рінде футзалдан әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу турнирі негізгі кезеңінің жеребесі тартылды.

Жеребе тартылды

Осы күнге дейін Еуропа құрлығы бойын­ша әлемдік доп додасына қатысатын 16 команда анықталып қойған еді. Олар – Әзер­байжан, Армения, Грузия, Испания, Ита­лия, Қазақстан, Польша, Португалия, Румы­ния, Сербия, Словакия, Словения, Украи­на, Финляндия, Франция және Хорватия құрамалары. Аталған елдер өкілдерінің бар­лығы да іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетіп, кіл мықтылар бас қосатын бәсекеде бақ сынауға лайық екендерін дәлелдеді.

10-19 сәуір аралығында Бельгия мен Мажарстан, Нидерланд пен Молдова, Швеция мен Германия, Чехия мен Литва футзалшылары күш сынасады. Осы жұптардың жеңімпаздары жоғарыдағы 16 команданың қатарына қосылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғалған шопан табылды

Оқиға • 20 Қаңтар, 2026