Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында елордада Astana Music Hall мейрамханасында жыл сайынғы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болды. Аталған шара «Нұр Отан» партиясы мен Байланыс және ақпарат агенттігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Шараның ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, биылғы жылғы «Нұр Сұңқар» сыйлығына деген ықыластың зор болғанын жеткізді.
«Бүгінгі таңда бірде-бір тарихи шешім мен бірде-бір реформаның БАҚ-та насихатталып, талқылауынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында «жауапты азаматтық қоғам» мемлекеттің демократиялық дамуының факторы ретінде белгіленген. Біз азаматтық бастамалардың дамуы, қоғамдық бірлестіктердің кең мағынадағы үнқатысуы, қоғамдық бақылауды нығайту үшін жағдай жасауымыз қажет», деді Б.Байбек.
Өз кезегінде сөз алған Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев: «Соңғы он жыл ішінде Қазақстан медианарығында бірнеше оң өзгерістер болып жатыр: біз сандық эфирлік теледидарды іске қосудамыз, отандық телеарналарымызда өз өнімдеріміздің бағдарламалары көбеюде. Әр жаңа кезең сайын бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясы тартымды бола түсуде. Сондықтан да қазақстандық медиа әрі қарай да бәсекеге қабілеттілігін дамытып, контентінің сапасын арттыра түсуі керек», деді.
Сонымен, «Нұр Сұңқардың» жеті аталымы бойынша жеңімпаздарына келейік. «Сөз шебері» аталымында ең үздік газет журналисі болып қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет танылды. «Ерекше пікір» номинациясында «Жетінші канал» телеарнасының «Другими словами» сараптамалық қорытынды бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева ең үздік телевизиялық журналист атанса, «Медиа-профи» аталымында «Bnews.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Анар Базмухаметова ең үздік ақпарат агенттігі журналисі болды. Сондай-ақ, «Аймақ айналымы» аталымында ең үздік өңірлік тілші ретінде «Айқын» газеті руханият, әлеумет бөлімінің редакторы Гүлзина Бектастың бағы жанса, «Көзқарас» аталымы бойынша Өркен Кенжебек пен Яков Федоров ең үздік блогерлер атанды. Ал «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» аталымында «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Партия қызметі туралы ең үздік материалы үшін» номинациясында «Хабар» телеарнасының шеф-редакторы және «Жеті күн» бағдарламасының жүргізушісі Ольга Цой жеңімпаздар легін қорытындылады. Бұл жеңімпаздардың барлығына да 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді.
Биылғы жылы еліміздің барлық аймағынан «Нұр Сұңқар» байқауына қатысуға ниет білдірген 221 өтініш келіп түскен. Байқауға Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған міндеттердің жүзеге асырылуын, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтары мен «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағидаларын, сондай-ақ, партиялық бастамаларды жан-жақты көрсеткен еңбектер қабылданған.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06