Саясат • 04 Сәуір, 2023

Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуропалық Комиссияның Ұтқырлық және көлік жөніндегі бас дирекциясының Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Одақ комитетінің төрағасы Питер Бомбейдің Қазақстан Республикасына сапары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Еуропалық Одақ азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Сапар аясында Бомбей мырза ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовпен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаевпен, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Радумен кездесті.

Кездесулер барысында Питер Бомбей Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны басқару тәсілдерінде жүргізіліп жатқан реформаларға Еуропалық Комиссияның жоғары баға бергені туралы хабардар етті. Бұл біздің еліміздің азаматтық авиация саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасуына ықпал етті. 

Сондай-ақ Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі комитетінің басшысы Азаматтық авиация комитеті жүргізіп жатқан «ашық аспан» саясатын оң бағалады.

а

Сапар барысында тараптар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы саласындағы құқықтық базаны кеңейту сиақты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Питер Бомбей – ұшу қауіпсіздігі бойынша халықаралық сарапшы. 24 жыл бойы Еуропалық комиссияда жұмыс істейді. 3 жыл бойы ИКАО-да Еуропалық Одақтың өкілі болып жұмыс істеді.

Бомбей мырза Еуропалық Одақтың Еуропалық Комиссияның Ұтқырлық және көлік жөніндегі бас дирекциясының Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық Одақ комитетін 11 жылдан астам басқарды, ол өз кезегінде әуе компанияларын Еуропалық Одақ елдеріне («қара тізім» деп аталатын) ұшуға тыйым салынған тасымалдаушылар тізіміне енгізу мәселелерін қарастырады.

а

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25