Саясат • 05 Сәуір, 2023

60 мың теңге: мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Депутат Ринат Зайытов Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтен мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді сұрады. Ол бұл туралы өзінің депутаттық сауалында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

60 мың теңге: мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды

«Бүгінде мемлекеттің айнасы болып отырған мәдениет қызметкерлерін мүлдем ескерусіз қалдырып отырмыз. Мәдениет саласының қызметкерлері дегеніміз – тек қана сахнада өнер көрсететін тұлғалар емес, солардың жағдайын жасап отырған сахна сыртындағы еңбек адамдары. Олар мемлекетіне шынайы махаббатпен қарап, мәдениетке бар ықыласымен қызмет ететін: сахна техниктері, костюмерлер, гримерлер, жарық түсірушілер, дыбыстаушы деген сияқты мыңдаған адамдар. Жанға бататын бір жайт, аталған қызметкерлер әлі күнге дейін санаты жоғарылап, жалақысы өсіп жатқан ұстаздар, дәрігерлер сияқты мамандар қатарынан да орын алған жоқ», деді депутат.

Ринат Зайытовтың айтуынша, қазіргі таңда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 60 мың теңгеден басталып 100 мың теңгеге жетер-жетпес межеден аса алмай тұр. Бұл білікті мамандардың жұмыстан өз еркімен кетуіне себеп болып, мәдениет ошақтарының жұмысын тежеп тұр. 

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше