Теннис • 25 Сәуір, 2023

Рекорд жаңарды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен әйелдер арасындағы еліміздің көшбасшысы Елена Рыба­кина санаулы күндерден кейін әлемдік рей­тингтегі өз рекордын жаңар­тып, жаһан­ның алтыншы ракеткасы атанады.

Рекорд жаңарды

Себебі бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы – Мадридте өтіп жатқан «WTA 1000» турниріне қатысудан бас тартты. Былтыр дәл осы турнирде жеңімпаз атанған О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сон­дықтан ол енді дода біткеннен кейін 1 мың рейтингтік ұпайынан айырылып, жетінші орынға сырғиды. Ал жетінші орындағы Рыба­кина алтыншы орынға көтеріледі. Деген­мен жарыс барысында жақсы нәтижеге қол жеткізетін болса, тіпті рейтингте бұдан да жоғарылай алады.

Е.Рыбакина Мадридтегі жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол бұл кезеңде ресей­лік Анна Калинская немесе чехиялық Бренда Фрухвиртованың бірімен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00