Әлем • 26 Сәуір, 2023

Түркия президенті Ибрагим Күлшімбаевты марапаттады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 сәуірде Анкарада жер сілкінісі салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомство өкілдері марапатталды, деп хабарлайды  Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркия президенті Ибрагим Күлшімбаевты марапаттады

80-нен аса елдің өкілдері арасында Қазақстаннан ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қатысқан. Ол жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін наградталды. Мемлекеттік награданы Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоған табыс етті.

«Марапат үшін алғысымды білдіремін! Бауырлас түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Өмірді құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа алғыс! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз», деді Ибрагим Күлшімбаев.

Айта кетейік Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды.

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35