Қоғам • 02 Маусым, 2023

«ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ӨзенМұнайГаз» бас директорының орынбасары ұсталды

Ведомство өкілдері хабарлағандай, Б.Мамбетсапаев өз лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на заңсыз кіргізген.

«Компанияға жұмысқа кіру үшін Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғындары кезекке тіркелген. Таныстарының жұмыссыздар қатарында болмағандарын, тиісті мамандыққа біліктіліктері сәйкес келмейтіндігін және жұмысқа мүлдем келмегендерін Б. Мамбетсапаевтың анық білгендігі тергеумен анықталды», деп  нақтылады агенттік.

Б.Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасуына көзделген құқықтарын өрескел бұзылуына әкеп соққан.

Қазіргі таңда Б. Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджеттік қаражаттарды жымқыру фактілері тергеліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35