Қазақстан • 06 Маусым, 2023

Шомылу маусымы: Еліміздегі қай орындарда шомылуға рұқсат етілген

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда еліміз бойынша шомылуға рұқсат етілген 487 орын анықталды, оның ішінде 149-ы коммуналдық, 338-і жеке жағажай орындары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шомылу маусымы: Еліміздегі қай орындарда шомылуға рұқсат етілген

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильиннің хабарлауынша, соңғы 3 жылда мыңнан астам адам суға кетіп, қайтыс болды. Дегенмен өткен жылы суға батқандар саны 43%-ға азайған.

«Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде және өз күштерін жете бағаламау болып отыр», деді министр. 

ТЖМ судағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция департаменттері және әкімдіктермен бірлесіп, ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, 45 мыңнан астам рейд және патрульдеу ұйымдастырылып, 480 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Балаларға арналған қауіпсіз жағажайларда, стационарлық жағажайларда және модульді-қаңқалы бассейндерде ТЖМ құтқарушылары әкімдіктермен бірлесіп балаларды жүзу дағдыларына үйретіп жатыр», деді Ю.Ильин. 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025