Президент • 06 Маусым, 2023

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қабылдады

Артур Ластаевтың айтуынша, омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.

Жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарған. 

Бүгінде балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесі ерекше назарға алынған. Атап айтқанда, Артур Ластаев осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасағанын айтты. 

Азаптау фактілеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025