Әдебиет • 06 Маусым, 2023

Ақын Қойшығұл Жылқышиев дүниеден өтті

695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Ақын Қойшығұл Жылқышиев дүниеден өтті

Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысының Индер ауданындағы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында туған. 

1975 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеген. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының президенті, республикалық «Махамбет» қорының тете-президенті, Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болған.

«Тұңғыш» (1978), «Мұңкітап» (1998), «Асаукер» (2001) жыр кітаптарының авторы.

1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алған. 

Ол сондай-ақ «Тамаша» ойын-сауық отауын ашқаны үшін авторлық куәлік алған.

Қойшығұл Жылқышиев - Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003).

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025