Спорт • 07 Маусым, 2023

Қызғалдақтар еліндегі жарыс

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Нидерландта дәстүрлі ZLM Tour көпкүндігі басталды. 11 маусымға дейін созылатын бәсекеде «Астана» клубы да бақ сынайды.

Қызғалдақтар еліндегі жарыс

Аталған жарыстың тұсауы 1987 жылы кесілді. Сол аралықта жергілікті велошабан­доздар ең көп олжаға кенелді. Олар 15 додада теңдессіз деп танылды. Бельгияның бет­кеұстарларына алты бас жүлде бұйырса, даниялықтар екі рет дараланды. Сондай-ақ Аустралия, Франция, Италия, Норвегия, Украина, АҚШ және Португалияның өкілдері бір-бір реттен топ жарды. Жекелеген спортшылар арасында ең үздік көрсеткішке бельгиялық Филипп Жильбер қол жеткізді. Ол үш жарыста алдына жан салмады. Қазақстанның өрендері арасында Андрей Кашечкин де кезінде көзге түскен. 2000 жылы жерлесіміз үшінші орынға табан тіреді.

Қызғалдақтар елінде өтіп жатан жарыста биыл «Астананың» намысын Мартин Лаас, Кейс Бол, Марк Кавендиш, Давиде Мар­тинелли, Глеб Сырица, Юрий Натаров және Нұрберген Нұрлықасым қорғайды.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше