
«Шындығына келсек, кемшіліктер әлі де бар. Оның себептері де белгілі. Еліміздегі бірқатар жолды алып қарасақ, ойдым-ойдым трассалар, бітпейтін жарықшақтар мен шұңқырлар секілді олқылықтар көзге көрініп тұр. Алайда бұл тек Қазақстанға ғана тән мәселе емес. Мұны «әлемдік дерт» деп те атауға болады. Егер әр маман өз міндеті мен істеп жатқан жұмысына немқұрайды қарамаса, бәлкім жолдарымыз әлдеқайда сапалы болар ма еді деген ойға қаласың?!», деді Салтанат Әшімова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында.