Спорт • 10 Маусым, 2023

Еліміздің жас теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында ITF Asia 12&U Team Championships чемпионатының Орталық Азия бойынша іріктеу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Еліміздің жас теннисшілері Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды

Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кішкентай теннисшілер тамаша ойын көрсеткен.

Командалық сайыста ел намысын мына ойыншылар қорғады:

Ұлдар: Ахмәди Мақанов (Ақтөбе), Нұрдәулет Балқан (Ақтау), Арнұр Тұрсынхан. Капитаны – Антон Михайлов.

Қыздар: Ясмин Дүйсембаева (Екібастұз), Әмина Нұрмахан,  (Алматы), Нұрай Байсейіт. Капитаны – Евгения Сушкова.

Қазақстандық қыздар Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан құрамаларымен төрт кездесу өткізіп, бәрінде де қарсыластарына бірде-бір сет бермей, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ұлдар да Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан командаларын сондай есеппен қапы қалдырды – 3:0.

Осылайша, Қазақстан қыздар және ұлдар құрамасы биыл күзде 12 жасқа дейінгілер арасында Алматыда өтетін Азия командалық чемпионатына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25