Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Есіл жағалауындағы астаналық әуежай сапа мен қызмет көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес салынған еліміздің алғашқы әуе қақпасы болып табылады.
Бәрімізге белгілі, ғасырлар тоғысында замана реформаторы, еліміздіңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен ерік-жігерімен еліміздің елордасы – Астана қаласының өмірге келуі ғасыр ғажайыптарының бірінен саналады. Бүгінде бүкіл әлемді таңдандырған өркениетті шаһар – Астананы төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келген қонақтарға алғаш таныстыратын “Астана халықаралық әуежайы” АҚ екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Қай елдің, қай қаланың болмасын болмысын көрсететін алғашқы қақпа әуежай болып табылады. Әр әуежайдың өзіне ғана тән тарихы бар. Астана әуежайының тарихы сонау 1931 жылдан бастау алады. Солай бола тұрса да, Астана әуежайының нағыз гүлдену дәуірі елорданың Ақмолаға көшірілуі кезеңімен қабаттаса өріледі.
Бүгінде Астана әуежайы “халықаралық” деген атына сай, инфрақұрылымы дамыған, әлемдік стандарттарға толық жауап беретін әуежайлардың бірінен саналады. Қазір Астана халықаралық әуежайы дүниежүзілік қолданыстағы барлық көлемдегі және салмақтағы әуе кемелерін қабылдай алады. ИКАО ІІІ дәрежелі сертификатына сәйкес келетін аймақтағы ең озық ұшу алаңы, ТМД мемлекеттерінде сирек кездесетін жанар-жағармай құю гидрантты жүйесі бар біздің әуежайымыз бүгінде әлемдегі ең озық басқа да техникалық құралдармен жарақтандырылған. Жолаушыларға және әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету салалары бойынша ІSO 9000-2001 сертификатын иеленген Астана әуежайы алдыңғы қатарлы жалпы еуропалық стандарттарға сай қызмет етеді. Сонымен қатар Астана әуежайы Ground Handlіng Councіl ІATA халықаралық ұйымның құрамына кіреді. Яғни, бүгінгі күні Астана әуежайы әуе кемелерінің барлық түрлеріне шектеусіз әрі сапалы қызмет көрсететін орталық болып табылады.
Өткен жылы біз Астана әуежайының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар нысандарды іске қостық. Атап айтқанда, жабық автопаркинг салынып, бұрын жұмыс істеп тұрған гараж қайта жаңартудан өткізілді. Сонымен бірге бүгінгі заманның талаптарына сай қызмет көрсететін жаңа техникалар алынды. “Астана халықаралық әуежайы” АҚ 2009 жылы 12 036 бағыттағы ұшақтарға, сол сияқты осы мерзімде 1 309,652 мың жолаушыға қызмет көрсетті. Осы мерзімде жүк айналымы 5 011 тоннаны құрады.
Болашақтағы межеміз бұдан артық болады деп күтілуде. Өйткені, елордамызда өткізілгелі отырған ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің саммиті мен 2011 жылы Қазақстанда өтетін Қысқы Азия ойындарына келетін қонақтарға қызмет көрсетеміз. Бұл еліміз үшін аса маңызды халықаралық екі оқиға кезінде елімізге келетін жолаушылардың саны еселенетіні хақ. ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының саммиті күнде өтетін қатардағы жиындардың бірі емес, оған оның соңғы он жылда алғаш өткізілейін деп отырғандығын айтсақ та жеткілікті. Сол үшін бұл шараға әуежайдың жоғары деңгейдегі дайындығы қажет. Мұндай маңызды шара кезінде әуе кемелеріне қызмет көрсететін техникалық құрылғылар да, қонақтарды қабылдайтын қызмет түрлері де жоғары талаптарға сай болуы керек деп ойлаймын. Осыған байланысты Астананың халықаралық әуежайының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру, әуежай кешенінің барлық кәсіпорындарының өндірістік қуатын арттыруды көздеп отырмыз. Нақтылай айтсақ, 2000 шаршы метр аумағы бар жүк қабылдаудың құрамалы моделі құрылысын салуды, әуе кемелері тұратын перрон алаңын одан әрі кеңейту, бортқа қызмет көрсететін цех ғимаратын қайта құру жұмыстарын қолға алғалы отырмыз. Сонымен бірге жолаушылар тасқыны артуына байланысты әуежай вокзалының көлемі де ұлғайтылатын болады. Қысқаша айтқанда, осындай кешенді шараларды жүзеге асыру арқылы Астана халық-аралық әуежайын Еуропа мен Азияны жалғастыратын әуе трассасындағы барлық ұшақтарға сапалы қызмет көрсететін Орталық Азиядағы ең ірі әуе көлігі орталығына айналдырамыз.
Бүгінгі таңда астаналық әуежай 9-дан аса ішкі және халықаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын әуе компанияларына қызмет көрсетеді. Қазір біз бас қаламызға Еуропа мен Азияның ірі авиакомпанияларын серіктестікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы орайда өткен жылы әуежайдағы сапар кестелерінде тағы да екі әуе компаниясы ұшақтарының тұрақты бағыттарының тізімі берілді. “Этихад Эйруэйс” әуе компаниясы Абу-Даби қаласына, “Аэросвит” компаниясы Киев қаласына тұрақты түрде ұшақтарын ұшыра бастады. Әуежайымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, алдағы уақытта біз әуе маршруттары бағытын да арттыра бермекпіз. Бұл ретте жолаушылар тасымалын кеңейту мақсатында “CSA Czech Aіrlіnes” атты чех әуе бағытымен, “LOT Polіsh Aіrlіnes” поляк әуебағытымен, “Egypt Aіr” Египет әуе бағытымен және “Aіr Chіna” Қытай әуе бағытымен жолаушылар тасымалдайтын әуе компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыс жоспарының аясында Астана әуежайы халықаралық бағыттарды дамыту форумдарына да белсене араласады.
Астана әуежайы жағрафиялық жағынан Еуразияның дәл жүрегінде орналасқан. Яғни, бұл Еуропадан Азияға ұшатын ұшақтардың ең қолайлы қону бекеттерінің бірінен саналады. Осы мүмкіндіктердің арқасында Астана әуежайы әлемнің жүк тасымалымен айналысатын бірнеше ірі компанияларына тұрақты қызмет көрсетеді. Жүк тасымалымен айналысатын бұл компанияларға көрсетілген қызметтен түскен қаржы әуежайдың мүмкіндігін арттыруға барынша жағдай жасап отыр.
Астаналық әуежайдың қысқа мерзімде халықаралық барлық талаптарға сай ірі көлік орталығына айналуына біздің кадрлардың қосып отырған үлесі өлшеусіз. Шынында да, біздің авиакәсіпорынның негізгі құндылығы – оның кадрлары. Біз қолдан келгенше ұжымымыздың сапасы мен құрамын сақтап қалуға тырысып келеміз. Қаржы дағдарысынан туындаған қиындықтарға қарамастан, өткен жылы өз қызметкерлерімізге азаматтық авиацияда қызмет істеген жылдары үшін өтемақы төлеуді жүзеге асырдық. Мәселен, авиакәсіпорынында 5 жыл жұмыс істегендерге 10 пайыз, 10 жыл еңбек өтілі барларға 20 пайыз, 20 жылдан артық еңбек өтілі барларға 30 пайыз қосымша жалақы төленді.
Жолаушыларға келетін болсақ, оларға сапалы қызмет көрсету және барлық қолайлы жағдайлар туғызу – әуежай әкімшілігінің назарындағы басты міндет. Осы мақсатта құжаттық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, сонымен бірге Сыртқы істер министрлігінің елшілік қызметі үшін арнайы жұмыс орындары ашылды. Жолаушылардың дер кезінде ақпараттық анықтама алуға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап Call-center автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Биыл ақпан айынан бастап кез келген ұялы телефон иесі интернет арқылы wap.aіr-raіl.іnfo мекен-жайына кіріп, ұшақтардың ұшу кестесін, сапар туралы ақпараттарды біле алатын болды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға да қолайлы жағдай туғызудамыз. Биылғы жылы әуежай қызметінің сапасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Соның нәтижесінде қызмет көрсету дәрежесінің өткен жылдармен салыстырғанда, сапалық жоғары деңгейге жеткендігі анықталды. Бірақ бұл біз үшін жетілу шегі емес. Алдағы уақытта Астананың бейнелік айнасы болып танылатын халықаралық әуежайдың мерейі мен беделін көтеру мақсатында қолдан келгеннің бәрін жасай береміз.
Қайрат ЖАУХАНОВ, “Астана халықаралық әуежайы” АҚ президенті.

Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025