Әлем • Бүгін, 17:32

Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 қаңтарда Жапонияда қалың қар жауды. Осы уақыт ішінде елде 45 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алды. Ең көп құрбандар Ниигата, Акита, Хоккайдо, Ямагата және Аомори префектураларында тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияда жауған қалың қар салдарынан 40-тан астам адам қаза тапты

Жергілікті биліктің хабарлауынша, құрбандардың көбі шатырды ақ ұлпадан тазалап жүріп, құлап кеткен коммуналдық қызметкерлер мен қариялар. Құтқару қызметі қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қарды күреуге сарбаздар да тартылды. Синоптиктердің ескертуінше, апта аяғына қарай күн бұзылуы мүмкін.

Елдің солтүстігі мен Жапон теңізінің жағалауындағы жағдай әсіресе ауыр. Синоптиктердің ескертуінше, кей аймақтарда қар қалыңдығы 50 см-ге жеткен және тұрғын үйлердің құлау қаупі бар.  

Билік тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр, жағдай әлі де күрделі. Мамандардың болжамынша, елде демалыс күндері қар жаууы ықтимал. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Соңғы жаңалықтар