Қоғам • 28 Маусым, 2023

Іле-Балқаш резерватында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында тұтанған дала өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Іле-Балқаш резерватында өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

«Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерваты аумағында орын алған (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің таралу аумағын 100 гектарға дейін азайтуға мүмкін болды.

Төтенше жағдайлар департаменті және «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ күштері жаяу жүре отырып, 5-кварталда өртпен күресуде. Қол шанц құралдары мен мотопомпалар пайдаланылып жатыр.

Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде жалынның өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізіліп жатыр.

Елді мекендерге қауіп жоқ», делінген мәліметте.

Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30