Төтенше жағдай • 28 Шілде, 2023

Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында сел жүру қаупіне байланысты Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есік көлі мен Асы-Түрген обсерваториясына апарар жол жабылды

Синоптиктердің болжамынша, Алматының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Найзағай кезінде батыстан соққан желдің екпіні 18-23 м/с болады.

«Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарламасында: «Қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты ағымдағы жағдайды ескере отырып, таулы жерлерде селдердің пайда болу қаупі бар. 28-31 шілде күндері Алмарасан, Кімасар, Бутаковка, Аққайың, Ақсай, Қаскелең, Түрген, Есік, Маралсай, Қотырбұлақ, Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі автомобиль жолымен қауіпті аймақтарға жаяу және автокөліктер үшін жол жүру шектеледі», делінген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35