Бұрнағы күні Екібастұзда басталған республкалық ІІІ Патриоттар форумы кеше, ҚР Мемлекеттік рәміздер күнінде облыс орталығында жалғасты. “Бірлігіміз жарасқан!” атты республикалық жастар форумына еліміздің әр облысынан топ-топ болып, жүздері жарқын алау жастық көңілмен мыңға тарта студент жастар келді. Еліміздің егемендігі мен елдігін паш ететін мемлекеттік рәміздерімізді ардақтайтын отансүйгіш жастар шеруі Ертіс өзені жағалауынан басталды. Көк байрақ туды көтеріп, патриот жастар облыс орталығында “Даңқ” алаңына келіп, батырлар рухына тағзым етті.
Ұлттық рәміздер еліміздің өткені және болашағы арасындағы сабақтастықты білдіреді. Халқымыздың рухын, ұлттық санасын, қаһармандығын, даналығын айшықтайтын еліміздің жаңа тарихының қастерлі беттері деуге болады. Ендеше, жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуде оның мән-мағынасын түсіндіруіміз керек. Форумның да көздеген мақсаты осы, дейді Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов. “Бірлігіміз жарасқан!” форумы аясында жастар шеруі ұйымдастырылды. Мақсаты – әрбір жастың бойында өзінің Отанына деген, өзі елінің рәміздеріне деген құрмет сезімін ояту. Иә, Отанның өзі осы желбіреген Көк Тудан, Елтаңбадан, Әнұраннан басталады. Бүгін олардың жүздерінде ерекше бір толқу бар. Бір мезетте бүкіл еліміздің жастары орындаған Әнұран біздің облыс орталығында да шырқалды. “Менің елім, менің Қазақстаным!” деген сөздер туған жерге деген сүйіспеншілікті асқақтатып, болашаққа деген сенімділікке шақырады. Отанға деген шексіз құрметті бір-ақ сөзге сыйғызып тұр.
“Мен бірлігі жарасқан елдің ұланымын!” деген жастар шеруі “Даңқ” алаңына келіп жетті. Осы жерде Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев сөз сөйледі: “Біздің бабаларымыз жеңіс алып келді. Біз тарихқа бас иеміз. Еліміз жасасын, жастар осы жолды жалғастырсын!” – деді ауған соғысының ардагері. Бұл күндері еліміздің Көк байрағы басқа да тәуелсіз мемлекеттердің туларымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде желбіреп тұр. Олимпиада кезінде еліміздің спортшылары жеңістің құрметіне көтеріледі. Елтаңбамыз ұлттық теңгемізде бейнелеген. Мемлекеттік рәміздер ғарышкерлермен бірге көк жүзінде, ғарышта да болып қайтты. Міне, осындай құндылықтарды жастар білулері үшін жыл сайын рәміздер күні аталып өтіледі. Жігерлі жастардың мерекелік шеруі еліміздің құныдылықтарын қастерлеп, мәртебесін асқақтатып, жастарды бір жерге топтастырды Бәрі де осы бір күннің шынайы мәнін ұғып, қолдарына ұстаған Көк Туларын желбіретіп, әсем жағалауды нағыз патриоттар мерекесіне айналдырды. Шеруге қатысқан жастар Рәміздер күні бірліктің, татулықтың, достықтың мекені – елімізге арнап әндер шырқады. Сонымен қатар, “Көк байрақ туымыз”, “Мәңгілік Елтаңба”, “Қасиетті Әнұран” деп аталған шеру бағытымен мемлекеттің елдік, егемендік ұлық белгілерін көтеріп, облыс орталығының көшелерін аралап жүріп, “Астана” мұз айдыны сарайына келді. Осы жерде “Қазақстан патриоттарының форумына” қатысушылар – олардың арасында жастар, студенттер, білімді сайыскер жеңімпаздар, спортшылар бар, “Біргеміз – берік іргеміз” деп өздерінің 2007 жылдан бастап аталып келе жатқан еліміздің Рәміздер күнін құрметтеп, оған бас иетіндерін жеткізді. Жүздері бал-бұл жанған жастар, “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері кеуделеріне қолдарын қойып, Көк Тудың қасына келіп тұрды. “Біз – жас патриоттар еліміздің Көк Туын әрқашан берік қолда мықты ұстаймыз, Отан – біреу, жастар әрқашан сенімен бірге”, десті олар. Екінші қатарға сахна төріне спортшылар Елена Хрусталева, Мұхтархан Ділдәбеков, ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев, жерлесіміз, бейбіт күні ерлік көрсеткен, шені капитан жерлесіміз Қадіржан Қазыбаев, атақты әнші Роза Рымбаева шақырылды. Әнші: “Отанын сүйетін осындай патриоттары бар ел бақытты”, – деді. Расында да, бірі әсем әндерімен, бірі спорттағы жеңісімен елдің туын, рухын биік көтерген, енді бірі отанын қорғап батыр атанған патриотттар, міне, осылай жастарға үлгі-өнеге болуда. Үшінші қатарға жақында ғана Жеңіс мерекесін атап өткен соғыс ардагерлері келіп қосылды. Үш ұрпақ өкілдері осылай тоғысты. Барлығына да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы” кітабы сыйға тартылды. Рәміздер күні құрметіне шығарылған арнайы құрметті белгілермен марапатталды. Біз осы жерде Солтүстік Қазақстан облысынан келген Динара Берікқызымен пікірлестік. Ол: “Жүрегі жерім, елім деп соққан әрбір патриот жас үшін бұл күн ерекше күн деп ойлаймын. Осындай мереке күнінің болғаны керек, рәміздердің қандай қасиеті барын әрбір жас ұғынып, оны қадірлеп өсуі тиіс, патриоттық деген жай ғана сөз емес, өзің өмір сүрген ел үшін қызмет жасау, керек кезінде Бақытжан ағалардай күресе де білу”, – деді. Керекулік жігіт Еркебұлан Алдабергенов болса: “Мен өзімді елімнің шынайы патриотымын деп санаймын. Өзбекстаннан көшіп келдік, әрине, қазағым, елім, жерім деп келдік, енді осы елдің бірлігі, болашағы үшін қызмет жасаймын, мына жастар ана тілдерін сүйсін, құрметтесін, барлығы сол тілді сүюден басталады ғой”, – деді. Кең экраннан еліміз тұрғындарының бірлігін айқындайтын көріністер көрсетілді. Еліміздің әр облысымен тікелей байланысқа шыққан жүргізушілер арқылы Петропавл-Шымкент, Атырау, Өскемен қалаларында өтіп жатқан форум мақсатына сай сол жерлерде тұратын елін, жерін сүйгіш ел патриоттарының жүрекжарды лебіздері жастарға арналып жатты. Ал жастар үшін Алматыдан келген өздерінің сүйікті орындаушылары “Музарт” тобы мен “Домино” үлкен сыйлық болды. Ел мен жерге деген патриоттық тақырыпта әндер орындаған өнерлі топтар Рәміздер күні мерекесінің сәнін де мәнін де аша түсті. Фарида БЫҚАЙ. ПАВЛОДАР.
Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025