Көкшеде Қазақстан халқының бірлігі мерекесін Тәуелсіздік алаңында қарсы алу дәстүрі қалыптасқан. Биылғы мереке “Біз – Қазақстан халқымыз” атты хореографиялық кіріспемен басталғаны, көк төсінде қуанышты көңілдердің жаршысындай, ақ қанат көбелектер қалықтағаны өзіндік бір әдемі жарасып тапқан-тын.
Қуанатын да жайымыз бар еді. Жылымыз жақсы басталды. Облыста жаңадан 1640 жұмыс орны құрылып, еңбекақының жалпы көлемі 10,8 пайызға артты. Бұқараны қозғалысқа түсірген шағын және орта бизнес нысанында 35 мың адам тұрақты табыс табуда. Елбасы Жолдауымен жігерленген өңір биыл 5634 миллион теңгенің 135 инновациялық жобасын жүзеге асыруға кірісті. Өндіріс орындарында 129 тендерлік байқау өткізіліп, 105 өзара тиімді келісім-шарттар түзілді. Қарымы өскен облыс үстіміздегі жылы негізгі капиталға 12,9 миллиард теңге инвестиция жұмылдыратын болады. Бұл былтырғыдан 4,3 миллиард теңгеге көп. Көктемгі дала жұмыстары да қарқынды басталып кетті. Мұның барлығы жақсы үмітке жетелейді. Бәрінен де елімізде тыныштық, бейбіт өмір, алаңсыз тіршілік қамтамасыз етілген. Міне, халқымыз достық, ынтымақ тойын осындай сырнай сезіммен өткізген болатын. Бәрінің жүздері жарқын, құшақтары ыстық еді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко құттықтау сөзін: “Біздің күшіміз – бірлікте!” деп қазақ тілінде бастап, толғанысты ойлар өрбіткені де көңіл өсірген-тін. Өйткені, бірлігі бар елдің жүрегі де бірге соғады. Тыныштық пен ауызбірліктің түп тамыры Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі деген түйін жасалған болатын. Шындығында, тәуелсіздікке қол жеткізген 19 жыл ішінде қоғамды демократияландыру, этносаралық келісімді нығайту бағытындағы барлық бастамалар Тұңғыш Президентіміздің есімімен тығыз байланысты. Халқымыз мүлдем жаңа тұрпаттағы Ел бірлігі доктринасын ту етіп көтерді. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: “Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік” дегенде, алдағы жауапкершіліктің зорлығын меңзегені анық. Сол алақай мерекенің өн бойында осынау салмақты сезім мен сенім айқын байқалып тұрғанына масаттанған едік. Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің бас имамы Қанат Қоянбекұлы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Мәскеуде өткен биылғы Жеңіс шеруіне қатысушы Балташ Сейітов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, “Истоки” славьян мәдени-ағарту қоғамының төрайымы Галина Булычева жерлестерін жалынды сөздерімен, ақ жарылқап тілектерімен құттықтаған болатын. Бүгінгі күні облыс аумағында 38 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар көктемнің жарқын мерекесінде этносаралық қарым-қатынас пен еліміздегі тұрақтылықтың ұйтқысы болып отырғандығын өнерімен де, көл-көсір дастарқан мәзірімен де, кіршіксіз көңілімен де дәлелдеп бергенін ғанибет санағанбыз. Көкшетау – өнер өлкесі. Осындай мейрамдарда Тәуелсіздік алаңының сахнасы жүз ұлттың жарасымды әуезімен, отты да нәзік би нақыштарымен биіктеп тұрады. Мұнда қалалықтармен бірге, аудандардың таңдаулы өнерпаздары көпшіліктің көңілін асқақтата көтеріп жүргенін айтқымыз келеді. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.
Мәдениет • Кеше
Заң • Кеше
Атырауда тұрмыстық зомбылықтан 4 әйел көз жұмды
Отбасы • Кеше
Қызылорданың тазалығы тұрақты бақылауда
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Шетелдік валютаның бүгінгі бағамы қандай?
Қаржы • Кеше
Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Әскер • 29 Қараша, 2025
Трамп Венесуэла үстінен әуе кеңістігін жабатынын жариялады
Әлем • 29 Қараша, 2025
Әлназарова: Жекеменшік клиниканың қызметін МӘМС есебінен алуға болады
Медицина • 29 Қараша, 2025
Жедел жоспар іске қосылды - Энергетика министрлігі КҚК-дағы төтенше жағдайға қатысты
Энергетика • 29 Қараша, 2025
Президент Индонезия мен Таиланд басшыларына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • 29 Қараша, 2025
Елімізде алғаш рет науқастардың жүрегіне соңғы шыққан кардиостимулятор қойылды
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматыдағы үздік отбасы анықталды
Отбасы • 29 Қараша, 2025
Атырау облысында 13 мыңнан аса адам қант диабетіне шалдыққан
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Биыл Қостанай облысының агросаласына 207 млрд теңге бөлінді
Шаруашылық • 29 Қараша, 2025
Түркістан облысындағы кәсіпкерлердің 42 пайызы әйелдер
Әйел әлемі • 29 Қараша, 2025
Қазақстанның халық әртісі Рихангүл Махпирова 79 жасында дүниеден өтті
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда Airbus ұшақтарындағы бағдарламаны жаңарту бүгін аяқталады
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Астана әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Елорда • 29 Қараша, 2025
Патриоттық құндылықтарды нығайту мәселесі талқыланды
Заң мен Тәртіп • 29 Қараша, 2025
Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды
Спорт • 29 Қараша, 2025
Асқабақтан қайық жасаған АҚШ фермері
Әлем • 29 Қараша, 2025
Өнер • 29 Қараша, 2025
Ауыл мектептері оқушыларының олимпиадасында 200 қатысушысы жеңімпаз атанды
Білім • 29 Қараша, 2025
Білім сапасы қандай? Сенаторлар Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
Білім • 29 Қараша, 2025
Қазақстанда депозиттер өсіп, халық үшін тиімді бола бастады
Депозит • 29 Қараша, 2025
Алматы дәрігерлері комада жатқан науқасқа үш операцияны қатарынан жасады
Денсаулық • 29 Қараша, 2025
Қостанайда зейнеткерлер 3 млн теңгесін алаяқтарға аударып жібермек болған
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Ақтау – Түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы: Салтанатты концертке 1500-ден астам адам қатысты
Мәдениет • 29 Қараша, 2025
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Тұлға • 29 Қараша, 2025
Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025
Жәдігер • 29 Қараша, 2025
Түркістанды тұтастандырған кітап жәрмеңкесі
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Аймақтар • 29 Қараша, 2025