Жеңімпаздар кездейсоқ түскен сандар генераторының көмегімен Instagram-дағы @kmf_kz парақшасында тікелей эфирде анықталады. Науқанда жеңіске жеткен клиенттерге миллион теңгенің сертификаты табыс етіледі, олар оны KMF-тің кез келген бөлімшесінде қолма-қол ақшаға ауыстыра алады, бұл жүлде кәсіп үшін таптырмас көмек болмақ.
«Біздің компания көп жылдан бері бизнеспен жұмыс істейді. Біз клиенттерімізді үнемі тиімді бонуспен, қызықты науқан және қомақты сыйлықтармен қуантып келеміз. KMF-Qoldau ауылдық жердегі кәсіпкерлер үшін тамаша қолдау болмақ. Себебі біз бұл науқанды бизнестің нағыз қызған шағында, яғни күзгі егіс маусымы қарсаңында бастадық. Бұл кезеңде клиенттеріміздің қаржыландыруға қатысты сұранысының өсетінін байқадық, сол үшін де тамаша бонус – ақшалай жүлденің ұтыс ойынына қатысуды ұсынып отырмыз», дейді KMF басқарма төрағасының орынбасары Күлсара Сапарбекова.
Микрокредитті бөлімшелерде, сондай-ақ KMF мобильді қосымшасы арқылы алуға болады. KMF-Qoldau науқанының ұтыс ойыны қазан айында өтеді. Науқан туралы толығырақ KMF сайтында немесе 7474 нөміріне хабарласып білуге болады. Компанияның байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
KMF – микроқаржыландыру саласындағы ең ірі компания. Бизнес саласымен 25 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келеді, ауылдық кәсіпкерлікті және әйелдер басқаратын кәсіпорындарды дамытып, қолдайды. Еліміз бойынша кеңінен тараған бөлімшелері тіпті ең шалғай орналасқан елді мекендерді де қолжетімді межеде қаржыландыруға мүмкіндік беріп отыр. KMF-тің 15 филиалы мен 120 сату нүктесі бар.
Микроқаржы қызметін жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы бар.