Елорда • 25 Тамыз, 2023

Елорда әкімі IT мамандарға үндеу жасады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында IT саласының мамандарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімі IT мамандарға үндеу жасады

Фото: Астана қаласының әкімдігі

«Цифрлық технологиялар бүгінде күнделікті өмірімізді жайлы ететін инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып саналады. Қалалық орта дамуы үшін инновацияның ізімен жүруі керек.

Pitch Day іс-шарасына қатысушылар денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ салаларын ары қарай цифрландыруға бағытталған, сол сияқты қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ететін он IT жобаны таныстырды. Біз үшін мұндай алаңдар инновациялық идеялар мен ұсыныстар талқыланатын орын ғана емес әрі жобалар қолдау табатын және іске асырылатын орын», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Рл

Әкімнің жазуынша, осыған дейін қала бірқатар жобаға, оның ішінде «Қолжетімді аула» бойынша, сондай-ақ білім беру, медицина және басқа да салаларда қолдау көрсеткен еді.

«Ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі зерттейміз. Сондай-ақ Pitch Day қатысушыларымен бірлесіп, қалалық қызметтеріміздің жұмысын жүйелендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік беретін жобалар құру бойынша жұмыс істейміз. Бірегей инновациялық идеялары мен жобалары бар IT-мамандар, біздің профильді басқармамыздың форумдарының қатысушысы бола аласыздар. Біз қолдау көрсетуге және бірлесіп жұмыс істеуге қашанда дайынбыз», деп қосты Астана әкімі.

Ил

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25