Университет • 02 Қыркүйек, 2023

Түрік тілін оқыту орталығы ашылды

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

86 жылдық тарихы бар іргелі оқу орны Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – осы күндері Гази және Анкара университеттерінің стратегиялық серіктесі. Тамыры мен түбі бір екі ел арасында орнаған байланысты дамыту мақсатында оқу орны базасында 1 қыркүйек күні түрік тілі орталығы ашылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрік тілін оқыту орталығы ашылды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Орталық TİKA ұйымының қолдауымен заманауи үлгіде жабдықталған. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркі әлемінің нағыз жанашырлары – Түркия Республикасы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстан координаторы Хусейн Хикмет Өзденоулу, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор Мухиттин Шимшек, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының Консулы Латипша Асанов сынды құрметті қонақтар мен ЖОО ректоры Гүлжан Сүгірбаева бастаған ұжым мүшелері қатысты.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35