Елорда • 05 Қыркүйек, 2023

Ұлт ұстазына құрмет

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тілдер күні мен Ахмет Байтұр­сынұлының туған кү­ніне орай елорда­дағы Қаламгерлер аллея­сын­дағы Алаш қайрат­кер­лері ескерт­кішіне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Оған зия­лы қауым өкілдері мен қа­ла тұрғындары қатыс­ты.

Ұлт ұстазына құрмет

Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйым­дастырған рухани іс-шарада алғашқы болып сөз алған академик, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Ғарифолла Есім ұлт ұстазы туралы парасатты ой өрбітті.

«Ахмет Байтұрсынұлы се­кілді тұлғалар ғасырларда сирек туады. Біз сондай кемеңгері бар бақытты халықпыз. Оның елімізге сіңірген қызметі ұшан-теңіз. Сондықтан да Ақаңды «Ұлт­тың рухани көсемі» деп айтамыз. Қазақ жұрты барда қазақ тілі де жасай береді. Ал тілді сақтау – әрбір қазақтың азамат­тық борышы», деді ол.

Сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов, алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұрт­бай, Астана қаласы Тілдер­ді дамыту және архив ісі басқар­масының басшысы Сәкен Зия­бекұлы да жиналғандарды Тілдер мерекесімен құттықтап, Ах­мет Байтұрсынұлының шы­ғармашылық мұрасын насихаттау туралы салмақты сөз қозғады.

Сонымен қатар іс-шара барысында Ә.Мәм­бетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әртістері «Алаш жолы» қойылымынан үзінді көрсетіп, жас ақындар Ақаңа арналған өлеңдерін оқыды.

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35

Шыршаны балталау тыйылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 15:37