Басылым • 06 Қыркүйек, 2023

Өнегелі өмір өрнегі

1539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әркім жақсылық пен жамандықтың қай-қайсынан болсын ой түйіп, қорытынды шығарып, оң қа­дамға иек артса, қо­ғамдық даму қа­рыш­­тайтынына се­ніп өмір сүру үшін де үлкен жүрек иесі болу керек шығар. Баспадан («Фо­лиант») биыл ғана шыққан, тіпті сия­сы кеуіп үлгермеген «Әркімнің жолы – әртүрлі сапар» атты кітапты бір қарап шыққанда солай ойладық.

Өнегелі өмір өрнегі

Жазарман жұрт пен оқыр­ман қауым Кенжеболат Жолдыбай есімі­мен жақсы таныс. Қазақстан бас редакторлар клубының президенті, ақберен журналист, білікті саясат­танушының көзі тірісінде бірнеше кітабы жарыққа шықты.

Марқұм Кенжекең – кісілікте көсем, қаламгерлікте сауатты жан еді. Араласқан азаматтар ұйымдастырушылық қасиетін ерекше бағалайды. Біз сөз етіп отырған бұл еңбегіне автордың әр жылда жазған мақалалары мен сұхбаттары енгізіліпті. Мақалаларының бірсыпырасы басылымдарда жарияланса, кейбірі – жекелеген ой-толғам, тұжырымдар. Кенжеболат Жолдыбайдың журналистерге берген сұхбаттары һәм белгілі тұлғалардан алған сұхбаттары. Бұл кісінің басқа тұлғалар туралы жазған естеліктері мен эссе жанрындағы материалдары және бар. Ал автор туралы материалдар кітаптың соңына топтастырылыпты.

Автордың мақалалары мен сұхбат­тарында тәуелсіз еліміз үшінші онжылдықта басынан өткерген саяси әрі рухани құбы­лыстар жіті сөз болғанын аңғару қиын емес. Қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамағаны байқалады. «Меніңше, проблемалық мәселелерді қоғам белсенділік танытқан кезде, сондай-ақ оппозициялық күштерді тарта отырып, бүкіл мүдделі тараптардың қатысуымен ғана шешуге болады. Сайып келгенде бұған биліктің өзі де мүдделі екендігіне сенімдімін, себебі билікке өзінің іс-қимылын бағамдауға мүмкіндік беретін дәлме-дәл индикатор қажет», депті 2014 жылдың 5 ақпанында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған материалында.

Өзіне, өмір сүрген ортасына, ұрпақ тәрбиесіне аса мұқият қарап, алаңдаушылық танытып, соңына із қалдырған азаматтың мұрасы ұрпақ игілігіне айналды деп сенеміз.      

Соңғы жаңалықтар

Астықты өңірдің сенімі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:50

130 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Аға буынның өнегесі

Референдум 2024 • Бүгін, 09:43

Аға ұрпақ – асыл қазына

Қоғам • Бүгін, 09:40

Ұйымшылдықпен өткен күн

Референдум 2024 • Бүгін, 09:38