Шахмат • 11 Қыркүйек, 2023

Бас жүлде үшін таласады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтың рапид түрінен Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның әйел­дер құрамасы финалға жолдама алды.

Бас жүлде үшін таласады

Топтық турнирде жерлестеріміз Мысыр, Үндістан, Франция және Украинаны ұтып, Грузиямен тең түсті. Ширек финалда Гер­маниядан мерейіміз үстем болды. Жартылай финалда жолымыз Франциямен қайта қиысты. Бұл жолы біз оларды тай-брейкте 4:0 есебімен тас-талқан еттік. Атал­ған кез­десуде Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова қарсыластарынан басым түсті. Енді финалдық сайыста қазақ қыздары Грузиямен ойнады. Қап тауынан келген шахматшылар осының алдында ғана АҚШ-тың өкілдерінен басым түскен еді.

Жалпыкомандалық әлем чемпионаты 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан құрамасы бұған дейін бірде-бір рет ширек финалдық межеден аса алмаған-тын.

 

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше