Теннис • 20 Қыркүйек, 2023

Жастарға сенім артты

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин жазғы Азиа­да­да өнер көрсететін ойыншы­лардың есімдерін атады.

Жастарға сенім артты

Қытай еліне аттанатындар тізімінде елі­міз­дің бірінші ракеткалары, көптеген ірі ха­лықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетіп жүрген Елена Рыбакина, Александр Бублик пен Юлия Путинцева, Михаил Ку­кушин, Александр Недовесов сынды танымал теннисшілер жоқ. Олар АТР және WTA додаларына қатысады. Ал Рыбакина үшін басты меже – Мексикада өтетін WTA-ның қорытынды турнирі.

Сол сақа спортшылардың орнын Дмитрий Попко, Бейбіт Жұқаев, Григорий Ломакин, Денис Евсеев, Жібек Құламбаева, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Жәнел Рүстемова секілді жастар басты.

 

Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше