Қоғам • 03 Қазан, 2023

Қосымшадағы жаңа қызмет

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

eGov mobile қосымшасында ерлі-зайыптылардың нотариалды куәландырылған келісімін онлайн рәсімдеу мүмкіндігі пайда болады.

Қосымшадағы жаңа қызмет

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Әділет министрлігінің, рес­пуб­ликалық нотариаттық палата мен «Ұлттық ақпараттық тех­нологиялар» АҚ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бар­май-ақ нотариат куәландырған құ­жат­тарды бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік береді. Ерлі-зайып­тылардың келісімін талап ете­тін құжаттарды рәсімдеу eGov mobile қосым­шасының «eNotary» бөлі­мін­де қолжетімді. Қызметті пай­далану үшін онлайн ре­жімде биометриялық тек­се­ру­ден өту керек. Нотариус тұ­тынушының деректерін тексергеннен кейін келісім расталса, нотариалды куәландырылған құ­жат жасалады. Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық іс-әрекет­тер» бөлімінде өтінімнің мәрте­бе­сін көре алады. eGov mobile қо­сымшасының «Цифрлы құ­­жат­тар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бей­некамераның кө­мегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түп­нұсқалығын тексеруге де болады. Жаңа се­німхат «Цифр­лы құжаттар» бөлі­мінде қол­жетімді.

– Биыл­ сәуір айында eGov mobile қо­сым­шасында «eNotary» қыз­ме­ті іске қосылды әрі қазір­гі кез­де ол сұранысқа ие қызмет­тер­дің қатарында. Азаматтардың осы қызметті пайдалана отырып, әлемнің кез келген нүктесінен қа­жетті құжатты куәландыруға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет ың­ғай­лы, өйткені құжаттарды рәсім­деуге нотариусты іздеп, оған ба­рудың қажеті жоқ. Енді ерлі-за­йып­тылардың келісімін бірнеше минут ішінде онлайн режімде алу­ға болады, – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бас­қарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Соңғы жаңалықтар

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20