Өнер • 17 Қараша, 2023

Қоқысқа тасталмақ болған картинаны Лувр 24 миллион еуроға сатып алды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ХІІІ ғасырдағы әйгілі флоренциялық суретші Чимабуэнің картинасы қарт француз әйелдің үйінен табылды. Үй жинап жүріп табылған сурет түпнұсқа болып шықты, деп жазады Egemen.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Қоқысқа тасталмақ болған картинаны Лувр 24 миллион еуроға сатып алды

Фото: Alamy.com

Француз әйелі үйде құнды заттың бар-жоғын анықтау үшін сарапшы шақыртқан. Сарапшы 1280 жылы салынған Чимабуэнің «Келекеге ұшыраған Христос» картинасын түпнұсқа болуы ықтимал екенін айтады. Ол картина бағасы 400 мың долларды құрауы мүмкін деп болжап, анықтау үшін суретті кәсіби мамандарға тапсырған. 

Тексеру нәтижесінде картинаның түпнұсқа екені анықталып, 24  миллион еуроға бағаланған.

Суретте крест белгісіне шегелеуге дейінгі Иисус бейнеленген. 25 - те 20 сантиметр көлеміндегі картина терек ағашынан жасалған тақтайшаға алтын фонда салынған.

Лувр мұражайындағы ең көне коллекциялардың бірі саналатын «Келекеге ұшыраған Христос» картинасы үлкен диптихтың үшіншісі. Мұражай әкімшілігі 2025 жылы коллекция толығады деп шамалап отыр.