Ұлттық спорт • 28 Қараша, 2023

Жамбы атып, көкпар тартты

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі қоғамдастығы V дүние­жүзілік көшпелілер ойындарын 2024 жылы Қазақстанда өткізу жө­ніндегі ұсынысты бір­ауыз­дан қолдап, Түркия­ның Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу салтанатты іс-шараның эстафетасын елімізге табыстаған болатын.

Жамбы атып, көкпар тартты

Дүбірлі додада ел намы­сын қорғайтын құрама қата­ры­нан табылуға ниетті жас­тар­дың көп екені, дайын­дық­т­ы бастағаны анық. Оған Арыс қаласында өткен жарыс­та көз жеткіздік.

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұлттық спорт ойын­дарының 5 түрінен ұйым­дастырылған «Nomads cup» көшпенділер ойынына өңір­дің 17 аудан-қаласынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы жүлде қоры 2 млн теңге болатын сайыста жас­тар жамбы ату, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар, арқан тартыс бойынша күш сынас­ты. Тартысты өткен жарыс қорытындысында коман­да­лық есеп бойынша І орынды Төлеби ауданының спортшылары жеңіп алса, ІІ орынды Бәйдібек ауданының жастары иеленді. Ал ІІІ орынға Арыс қаласының қатысушылары көтерілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сый­ақылар, кубоктер мен дип­ломдар табыс етілді. Сондай-ақ қатысқан әрбір командаға 50 мың теңге көлемінде ақ­шалай сыйлық үлестірілді. Бұдан бөлек, әр сайыста үздік нәтиже көрсеткен 5 қаты­су­шыға және ең жас спорт­шыға арнайы сыйлық табыс етілді.

впр

Айта кетейік, жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойындарының мәнін, дала дәстүрін, ұрпақтар са­бақтастығын негізге ала отырып, ел тарихын, болмы­сын, дәстүрін насихаттау мақсатындағы игі іс-шара «Жаст­ар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен, Арыс қаласы әкімдігінің қол­дауымен өтті.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32