Елорда • 13 Желтоқсан, 2023

Астанада екінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн оқиды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аяздың күшеюіне байланысты 13 желтоқсан күні 2-ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Астанада екінші ауысымның оқушылары сабақты онлайн оқиды

Фото: @bilimastana/Instagram

«2023 жылғы 13 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп жазылған хабарламада. 

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 13 желтоқсан күні ауа температурасы 33 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қала қоқыс полигоны ма?

Экология • Кеше