Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023

Ақтауда балабақша тәрбиешісі бір жасар баланы ұрған (видео)

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде кішкентай қызды соққыға жыққан тәрбиеші тергеуге алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда балабақша тәрбиешісі бір жасар баланы ұрған (видео)

Фото: ашық дереккөз

Lada.kz басылымы хабарлағандай, қыздың анасы полицияға арызданған. Оның айтуынша, балабақша тәрбиешісі балаға қол көтерген. Қыздың анасы баланың денесінде де көгерген іздер байқалғанын айтты.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін балабақшада орнатылған бейнебақылау камерасына жазылған материалдар зерттелді. Бейнежазбаға қарағанда, тәрбиеші балаларды ұйықтатып жатқан. Кенеттен ол бір баланы жатқан жерінен жұлқып алып, бетінен ұрып, жастыққа лақтырып жіберген.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, 30 жастағы тәрбиеші тергелді. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», деп түсіндірді полиция қызметкерлері.
Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03