Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023

Каспий жағалауында қалып қойған қоқиқазды Алматы зоопаркі асырайтын болды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жаңалықпен үйінде үйірінен адасып қалған екі қоқиқазды (фламингоны) уақытша асырап отырған ақтаулық Азамат Сәрсенбаев блогында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Каспий жағалауында қалып қойған қоқиқазды Алматы зоопаркі асырайтын болды

Фото: nationalgeographic.kz

Ол бірнеше күн бұрын Каспий жағалауында үйірінен адасып қалып қойған, суықта тоңып қалған қоқиқазды үйіне әкеледі. Күні кеше порт қызметкерлері жағалауда тағы бір қоқиқаз қалып қойғанын хабарлайды. Азамат аязды күнде аш қалған қоқиқаздарды уақытша үйіне әкеліп, асырайды.

Сол аралықта күркетауық асырайтын шаруашылыққа хабарласып, қолында екі қоқиқаз барын айтып, асырауды ұсынады. Алайда шаруашылық иелері қоқиқаздарға арналған арнайы жемнің қолдарында жоғын айтып бас тартады. Үйінде бар аспен қоқиқаздарды бағып отырған жауапқа аң-таң болып отырғанда жақсы хабар Алматы зоопаркінен келіп түседі.

Ол сүйінші жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы бөлісті.

«Алматы хайуанаттар бағының мамандары мен орнитологтарының жауап бергені жақсы болды, егер құстар хайуанаттар бағы мамандарының бақылауымен қыстан аман-есен шықса, мен олардың тағдырына алаңдамайтын едім, қуаныштымын», деп жазды Азамат Сәрсенбаев.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15